Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында Пленум өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында Пленум өтті

13.12.2018 Off By Администрация сайта

2018 жылғы 13 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Ел Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру жөніндегі облыстық филиалдың жұмысы туралы ақпарат» күн тәртібімен Пленум отырысын өткізді.
Филиал төрағасы Т. Т. Әбілмәжінов баяндама жасады, онда талдау, жүргізілген жұмыстың нәтижелері, ағымдағы жағдай және оларды іске асыру бойынша міндеттер қойылды.
Пленумда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары сөз сөйледі: Хабибулина С. В. – «СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ кәсіподақ комитетінің төрағасы, Айтжанова А. Р. – СҚО әкімі аппараты кәсіподақ комитетінің төрағасы, Хамзин А. А. – Аққайың аудандық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары.
Пленум аяқталғаннан кейін ұлттық мереке – Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай кәсіподақ активін салалық кәсіподақ пен облыстық филиалдың Құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өтті.
Отырыс соңында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағаларына және саланың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына СҚО Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары А. Қ. Кайсин қатысты, ол ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен аумақтық бірлестік қызметінің негізгі бағыттары туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» қызметкерлердің жалақысы төмен санаттағы еңбекақысын арттыру бөлігінде алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша хабардар етті.
ҚР еңбек заңнамасының өзекті мәселелері, ұжымдық шарттар жасасу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбекақы төлеу, «Еңбек шартын жасасыңдар», «Ұжымдық шарт жасасыңдар», «Еңбекті қорғаудағы алдын алу мәдениетін бірге көтерейік» республикалық акцияларының барысы туралы СҚО Кәсіподақтар орталығының бас маманы Л. П. Голенкова сөз сөйледі.
Семинар барысында түскен сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.