«Лайықты еңбек – Мемлекеттің тұрақтылық негізі» атты республикалық  Форумы

«Лайықты еңбек – Мемлекеттің тұрақтылық негізі» атты республикалық Форумы

10.12.2018 Off By Администрация сайта

2018 жылғы 10 желтоқсанда Павлодар облысы, Ақсу қаласы «Трансұлттық Қазхром компаниясы» АҚ-ның филиалы «Ақсу ферроқорытпа зауыты» базасында Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға арналған «Лайықты еңбек – Мемлекеттің тұрақтылық негізі» атты республикалық еңбекшілер Форумы өтті.
Форумды Ұйымдастырушылар – «Нұр Отан» Партиясы, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы, Павлодар облысының әкімдігі, «Қазпрофметалл» кен-металлургиялық салалық кәсіподағы» ҚБ және Қазақстан Республикасының» «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Форумға «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары М. З. Доспаев пен «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасы Н. Қ. Әутәліпов қатысты.