Кәсіподақ көшбасшылары мадақталды
18.05.2023Үстіміздегі жылдың 17 мамыр күні өткен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы Атқару Комитетінің кеңейтілген отырысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының кәсіподақ қозғалысына қосқан зор үлестері үшін, белсенді кәсіподақ мүшелері ретінде 14 адамға түрлі дәрежедегі наградалар және 30 адамға сыйлықтар табысталды.
Атап айтқанда: 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шыққалы отырған Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жарқын Құрманбекұлы Қарабаев «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Елеулі еңбегі үшін Ардақты Ардагер» орденімен, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің БКҰ төрағасы Сембек Даулетбайұлы Сариев, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ БКҰ төрайымы Гүлмира Оразбекқызы Ешимбетова, Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ БКҰ төрайымы Балтабаева Жулдызхан Шухралиевна, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ БКҰ төрайымы Құралай Жораханқызы Шанасова, Шымкент қалалық маслихатының грамотасымен: Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты ММ-нің БКҰ төрағасы Есімжан Байырбекұлы Заңқоев, Шымкент қаласы әкімінің аппаратының БКҰ төрайымы Гүлмира Әнуарбекқызы Шаймерденова, Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің БКҰ төрайымы Рахима Самедқызы Алеева, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының БКҰ төрағасы Ержан Камшыбекұлы Бакиров, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының олимпиада резервін даярлау орталығы» КММ БКҰ төрайымы Мадина Есқожақызы Сариева, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы ММ-нің БКҰ төрағасы Балбаев Әбдімәлік, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің БКҰ төрағасы Үсен Сүлетбекұлы Сейдалиев, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ММ БКҰ төрайымы Шолпан Темірбекқызы Мамадьярова, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ БКҰ төрайымы Камиля Ералықызы Байтулешова марапатталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, арнайы сыйлықтар: Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ММ-нің БКҰ төрағасы Марат Әбдімажитұлы Тәжібаевқа, Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты ММ-нің БКҰ төрағасы Досалы Жайлауұлы Амангелдиевке, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы ММ-нің БКҰ төрағасы Әділ Әбдіқалықұлы Өтебаевқа, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ММ-нің БКҰ төрағасы Ғалымжан Қошқарбайұлы Нәлжановқа, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ММ-нің БКҰ төрағасы Ержан Сапарбекұлы Мұсабайға, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ-нің БКҰ төрағасы Шоқан Шырынханұлы Әбдіқалықовқа, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің БКҰ төрағасы Асқар Амантайұлы Үсенбаевқа, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ММ БКҰ төрайымы Мөлдір Тұрсынбекқызы Кеуеноваға, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты ММ БКҰ төрайымы Гүлсина Рахымбайқызы Бердібековаға, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ БКҰ төрайымы Раушан Әсілбекқызы Әсембековаға, Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ БКҰ төрайымы. Ляззат Ахметжанқызы Рамазановаға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті ММ БКҰ төрайымы Жанара Ратбекқызы Копжасароваға, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ БКҰ төрайымы, Гүлнұр Орынбасарқызы Молдабековаға, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ БКҰ төрайымы Әсел Әсетқызы Әсетоваға табысталды.
Осылайша кәсіподақ көшбасшылары ерекше мадақталды.






