Қаржы қызметінің үздігі

Қаржы қызметінің үздігі

12.12.2022 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында Қызмет салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов Қазақстан Республикасының қаржы мекемелерінде 30 жыл бойы мінсіз қызметі және лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Қызмет» республикалық салалық кәсіподағының бас бухгалтері Гайсина Жанна Рамазанқызына «Қаржы қызметінің үздігі» ведомстволық төсбелгісін табыс етті.

Ж. Гайсинаның қаржы жүйесінде 30 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі бар, оның ішінде 20 жылдан астам – «Банк Центр-Кредит» АҚ-да, 5 жылдан астам салалық кәсіподақта жұмыс істейді.

Ж.Гайсина өз құзыретіндегі күрделі мәселелерді шешу үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын адал және шебер басшы ретінде көрсетті. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының съезі оның қаржы саласындағы мол тәжірибесі мен жеке қасиеттері ескеріп, федерацияның Тексеру комиссиясының төрайымы етіп сайлады.