«Қызмет» салалық кәсіподағы боулингтен жарыс өткізді

«Қызмет» салалық кәсіподағы боулингтен жарыс өткізді

12.12.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық Кеңесі орталық мемлекеттік органдардың кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері арасында боулингтен турнир өткізді.

Спорттық жарысқа  30-дан астам адам қатысты.

«Салалық кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арналған спорттық жарыстарды үнемі ұйымдастырады. Өз кезегінде біз салауатты өмір салтын одан әрі ынталандыру және насихаттау мақсатында спорттық іс – шараларды ұйымдастыруға одан әрі атсалысамыз», – деп атап өтті Қызмет салалық кәсіподақ көшбасшысы Мирболат Жақыпов.

Жарыс қорытындысы бойынша іс-шараның барлық жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.