“30 тамыз-Конституция “күніне орай

“30 тамыз-Конституция “күніне орай

27.08.2022 Off By Администрация сайта

Ата Заң-бүгінгі қоғамымыздың алтын таразысы, тұрақтылықтың тірек қазығы, әділеттіліктің қорғаушысы. Ата Заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды терең білуге, сыйлауға тәрбиелеуге шақыра отырып, “Қызмет” салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымы-Түрксіб ауданы әкімі аппаратында “30 тамыз-Конституция “күніне орай, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында білім сайысы өтті. Білім сайысына Д.Қонаев атындағы университеттің Конституциялық құқық кафедрасының заң ғылымдарының докторы, профессор Рақымбаев Е.Н.мемлекеттік қызметшілердің білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасы ретінде шақырылды. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін арттыру мен ұжымдық ынтымақты біріктіру болды. Сайыс өте тартысты өтті. Жеңімпаз атанған командаға арнайы «Қызмет» салалық кәсіподағы арнайы әзірленген ауыспалы
кубогы табыс етілді. Одан бөлек қатысқан екі командаға да демалыс күндеріне боулинг орталығына сертификаттар табысталды.