Қайырымдылық – ізгіліктің бір көрінісі

Қайырымдылық – ізгіліктің бір көрінісі

31.08.2022 Off By Администрация сайта

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де биылғы «Балалар жылы» аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы мен аталмыш орталықтың бастауыш кәсіподақ комитеті бірлесіп «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізді. Мекеме директоры Көкен Назарбек: «Қайырымдылық – ізгіліктің бір көрінісі. Ертеңгі елдің болашағы – бүгінгі өскелең ұрпақ, ал оларды келешегіміздің берік тұтқасы етіп тәрбиелеу – баршамыздың парызымыз. Оларға қолдау көрсетіп, көңіл бөлуіміз керек», – дей келе. Орталықта жұмыс істейтін көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асырап отырған отбасыларына ақшалай көмек көрсетті.

Жиынға қатысушылар осындай қайырымдылық шарасының отбасыларына жасаған жәрдеміне алғыстарын білдірді.