23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай мерекелік салтанатты шарасы өтті
24.06.2022Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының дөңгелек залында, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасы Жазықбаев Д.М. бастамасымен, 23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай мерекелік салтанатты шарасы өтті.
Салтанатты шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Кулгинов А.С., ҚР Парламенті мәжіліс депутаты Ізмұхамбетов Б.С., ҚР Парламенті сенаты депутаты Жүсіп Н.Б., жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Елекеев И.К., «Қызмет» салалық кәсіподақ төрағасы Жақыпов М.Х. және мемлекеттік қызмет саласы ардагерлері, әр сала бойынша мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрағасы Жазықбаев Д.М. салтанатты шараны өз баяндамасымен ашып беріп, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Келесі кезекте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Кулгинов А.С. сөз алып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазіргі Қоғамдағы мемлекеттік қызметшілердің ролін және алға қойған міндеттерін атап өтіп, мерекелік құттықтауларын табыстады.
Бұнан соң ҚР Парламенті мәжіліс депутаты Ізмұхамбетов Б.С. және ҚР Парламенті сенатының депутаты Жүсіп Н.Б. сөз алып, мерекелік құттықтауларларын табыстады.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы төрағасы Жақыпов М.Х. мерекелік құттықтауларын табыстап, жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жиын соңында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасы осы салада ұзақ қызмет еткен сала ардагерлерін және үздік мемлекеттік қызметшілерді «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілерімен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік шара аяқталғаннан соң жиынға қатысушылар және марапатталушылар жиынға келген қонақтармен естелік суреттерге түсті.




