Мемлекеттік қызметшілер марапатталды
24.06.202223 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев пен «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева облыстық кәсіподақтың «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмыспен қамту бөлімшесінің сектор меңгерушісі Жақыпбек Данияровқа, Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі Мұхансерік Әлішевке, Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау секторының меңгерушісі Жанар Кашаковаға, «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы Жанар Сатановаға табыстады. Марапатталушыларға кәсіподақтан қаржылай сыйлық берілді. Сонымен қатар, 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай өткізілген «Үздік жас мемлекеттік қызметші» байқауында ІІІ орын иеленген Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жаннұр Төлегеноваға облыстық кәсіподақтан отыз мың теңге қаржылай сертификат табысталды. Салтанатты шараның соңы өнерпаз мемлекеттік қызметшілердің концерттік қойылымына ұласты.

