Бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесу Жастар бастамаларын дамыту орталығы
30.11.20212021 жылғы 30 қарашада Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова мен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Қапеновтың Жастар бастамаларын дамыту орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесуі өтті.
Павлодардағы Жастар бастамаларын дамыту орталығы арт-медиа орталықтан, волонтерлік орталықтан, жастарға қызмет көрсету орталығынан, талдау және мониторинг орталығынан тұрады.
14-29 жас аралығындағы жастар «бір терезе» қағидаты бойынша жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде, Жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу, жастар кәсіпкерлігіне жәрдемдесу, кәсіптік бағдар беру бойынша бастапқы консультациялар ала алады.
Жастардың әртүрлі санаттары үшін қызығушылықтары бойынша клубтар жұмыс істейді. Жобалық модуль жұмыс істейді, «Коворкинг-орталық» құрылды.
Жастарға кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсету үшін Жастар бастамаларын дамыту орталығында жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен өткізілетін бос жұмыс орындары жәрмеңкелері бар еңбек биржасы жұмыс істейді, NEET тобы санатындағы жастарға мониторинг және қолдау жүзеге асырылады, бұл жастарды уақтылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова кездесуде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қабылданған Стратегия шеңберіндегі қызметі, ХЕҰ-мен өзара іс-қимыл, бірлескен жобаларды іске асыру, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі, ҚРКФ-ның еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушылар Жастар бастамаларын дамыту орталығының кәсіподақ мүшелерімен тікелей жұмыс орындарында кездесіп, кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Жастар бастамаларын дамыту орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Павлодар облысының «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды.