Нұр-Сұлтанда жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Нұр-Сұлтанда жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

29.11.2021 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының  елордалық филиалы Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жобаларын сараптау және үйлестіру орталығында құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымымен толықтырылды. Филиал төрағасы Атақозы Нұрланов ұжыммен кездесуде салалық кәсіподақтың қызметімен және филиал жүргізіп жатқан жұмыстармен таныстырып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Ұжым кәсіподақ ұйымын құру туралы ұсынысты қуана қабылдады. Бірауыздан қабылданған шешім негізінде құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі филиалының құрылымына енді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Сұлтанбек Мұстафаев сайланып, 18 адам кәсіподақ мүшелігіне кірді.

Филиал төрағасы А. Нұрланов Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жобаларын сараптау және үйлестіру орталығының ұжымына кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін олардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.