Әлеуметтік қолдау – кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі

Әлеуметтік қолдау – кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі

02.09.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы аясында биыл да көпбалалы және жалғызбасты аналардың балаларына жаңа оқу жылына дайындық барысында көмек көрсетілді.

Акция аясында аналармен кездесу ұйымдастырылып, еңбек қатынастары саласындағы әйелдерге арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қолдау шаралары, еңбек құқықтары және оларды қорғау тетіктері жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуге Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы М. Қорғанбаева мен қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Халел қатысып, еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттары, әйелдердің қоғамдағы рөлі, отбасылық құндылықтарды нығайту және әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан тиісті түсініктемелер алды.

Кәсіподақтың негізгі міндеттерінің бірі – еңбек адамының ғана емес, оның отбасының да әлеуметтік қорғалуына ықпал ету. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.