Еңбек адамы!
06.08.2026Бүгінгі кейіпкеріміз – Самсонова Людмила Вячеславовна.
Оның 33 жылдық еңбек жолы медицина саласымен тығыз байланысты. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын Атырау облыстық психоневрологиялық ауруханасында психиатр-дәрігер болып бастады. 2010 жылдан бері әлеуметтік қорғау жүйесінде, №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында психиатр-дәрігер қызметін атқарып келеді.

Людмила Вячеславовна психоневрологиялық ерекшеліктері бар балаларға өзін жақсырақ түсінуге, эмоцияларын басқаруға, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға және өмірде сенімді қадам жасауға көмектеседі. Оның жоғары кәсібилігі, мейірімділігі және өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің арқасында әрбір бала өзін қауіпсіз сезініп, өз мүмкіндіктерін толық аша алатын жайлы орта қалыптасқан.
Психиатр-дәрігердің еңбегі – үлкен жауапкершілік пен сабырлылықты, жан жылуын талап ететін күрделі жұмыс. Дегенмен, біздің кейіпкеріміз әрбір баланың түсіністікке, қамқорлыққа және ерекше көңілге лайық екеніне сенеді.
Біз Людмила Вячеславовнаға көп жылғы адал еңбегі, өз ісіне деген шексіз жауапкершілігі және балаларға көрсетіп жүрген жанашыр көмегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Оған зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс тілейміз. Ал №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұжымына игі істерінде толағай жетістіктер, қажымас қайрат пен береке тілейміз!

