«Кәсіподақ көмектеседі»!
06.08.2026Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының аталған акциясы аясында “Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Гүлмира Шәкірова Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ол еңбек ұжымын толғандыратын өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің тиімді жолдарын саралады. Сонымен қатар қатысушыларға кәсіподақтың рөлі мен негізгі мақсаттары түсіндіріліп, еңбек заңнамасы мен қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытында пайдалы кеңестер берілді.Жиын барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұбаева Гүлжазира атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, денсаулық жағдайына байланысты өз өтінішімен қызметінен босатуды сұрады.

Әріптестері Гүлжазираға белсенді қызметі, еңбек ұжымының мүдделерін қорғауға қосқан елеулі үлесі және атқарған нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдіріп, оның жұмысына жоғары баға берді.Жиынға қатысушылардың көпшілік дауысы мен ұсыныстары негізінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Еділбаева Құралай Тлекбайқызы сайланды.Филиал төрағасы мен қызметтес әріптестері жаңа сайланған кәсіподақ төрағасына жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ еңбек ұжымының ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, олардың орындалуына ықпал ету жөніндегі міндеттерді жүктеп, қызметіне сәттіліктер мен толамды табыстар тіледі.

