Туризм басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті

Туризм басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті

23.06.2026 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ұжым қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.


Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгісімен Қонысбаева Перизат Тайбекқызы;
  • «Құрмет грамотасымен» Мехитбаев Нұржігіт Кәрімбердыұлы, Тазабек Еркін Қайратұлы;
  • «Алғыс хатпен» Сайрамбай Нәзік Ақылбекқызы, Патшахан Әлбина Батуханқызы марапатталды.
    Марапаттарыңыз құтты болсын!