Цифрландыру басқармасы қызметкерлерімен кездесу өтті
23.06.2026«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ұжым қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгісімен Жанаева Жанат Табынбайқызы;
- «Құрмет грамотасымен» Ұлықбек Ернар Қайратұлы;
- «Алғыс хатпен» Садық Әділет Нұрғисаұлы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

