Қазынашылық департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті
23.06.2026«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мемлекеттік қызметтің тарихына тоқталып, қызметкерлерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар белсенді қызметкерлерге филиалдың наградаларын табыстады.

Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгісімен Натбай Берік Мамырұлы, Жүсіпова Сабира Егізбайқызы;
- «Құрмет грамотасымен» Орынбекова Салтанат Амантайқызы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

