«Жастар үні» айдары

«Жастар үні» айдары

29.07.2026 Off By Администрация сайта

Жастар — кәсіподақ қозғалысының тек болашағы ғана емес, оның бүгінгі жарқын келбеті. «ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚТАР – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚУАТТЫ ҮНІ» бірыңғай жалпыкәсіподақтық науқаны мен «Жастар және еңбек болашағы» жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы бойынша “Қызмет” салалық кәсіподағы филиалы жаңа цифрлық айдарды бастайды. Бұл айдарда саламыздың белсенді, дарынды әрі өз ісіне берілген жас мамандармен таныстыратын боламыз.
Бүгінгі алғашқы қонағымыз — Натекова Дильназ Сәрсенқызы (2002 ж.т.), «Қызмет» салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша мүшесі, «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі жас маманы.
Дильназбен мамандық таңдау, тәжірибе мен ғылымды ұштастыру және жастар өміріндегі кәсіподақтың орны туралы сұхбаттасқан едік:
Дильназ, неліктен әлеуметтік саланы таңдадыңыз?
«Мен бұл саланы адамдарға көмектесіп, олардың өмір сапасын жақсартуға шынайы үлес қосу үшін таңдадым. Бұл жұмыс қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетуге, балалар мен отбасылардың мүддесін қорғауға және маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді».
Сіз тәжірибелік жұмыс пен ғылыми ізденісті қатар алып жүрсіз. Зерттеуші әрі практик болу нені білдіреді?
«Тәжірибе маған адамдардың шынайы мұқтаждықтары мен түйткілді мәселелерін тікелей көруге көмектеседі. Ал ғылыми зерттеулер тиімді шешімдер табуға, қолданыстағы тәсілдерді талдап, әлеуметтік жұмысты дамытудың жаңа идеяларын ұсынуға жол ашады».
Әлеуметтік саланы дамыту және отбасылық, корпоративтік құндылықтарды қолдау неге маңызды?
«Әлеуметтік сала заман талабына сай үнемі жетіліп отыруы тиіс. Ал құндылықтарға келсек, берік отбасы — бақытты қоғамның діңгегі, ал күшті корпоративтік мәдениет — кәсіби өсу мен ұжымдық ауызбіршіліктің кепілі. Екі бағыт та бір-бірін толықтырып, қоғамның дамуына ықпал етеді». Сіздің кәсіби жолыңызда кәсіподақтың орны қандай?
«Кәсіподақ мүшесі ретінде мен қоғамдық өмірге белсене қатысып, қызметкерлердіңқұқығын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Кәсіподақ — бұл пікірлестермен бірігіп, ел игілігі үшін еңбек ету мүмкіндігі. Біздің бастамаларымыз бен әлеуметтік жобаларымызға үнемі қолдау көрсетіп отырған «Қызмет» салалық кәсіподағына алғысым шексіз!».

Кәсіподақ — өткеннің елесі емес. Бұл — сенің болашағың!
«Қызмет» салалық кәсіподағы жас мамандардың кәсіби өсуіне, құқықтық қорғалуына және ғылыми-шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруына жүйелі түрде жағдай жасайды.

Сіздің кәсіби жолыңызда кәсіподақтың орны қандай?