Әл-Фараби ауданының жұмысшыларына құрмет көрсетілді

Әл-Фараби ауданының жұмысшыларына құрмет көрсетілді

01.07.2026 Off By Администрация сайта

Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы жиынға қатысушыларды «6 шілде – Астана күні» мемлекеттік мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласын таза ұстаудағы, көгалдандырудағы және қалалық жайлы ортаны қалыптастырудағы жұмыстарына қосқан зор үлестері үшін, оларға ерекше ықыласы мен шынайы алғысын білдіріп, мекеменің белсенді жұмысшыларына салалық кәсіподақ филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгілері: Тимур Шәкірұлы Нарымбетовке, Дінмұхамед Соғысханұлы Шаншархановқа, Айдос Төреханұлы Ақылбайға, Бекмырза Әуезханұлы Абсановқа, «Құрмет грамоталары»: Нұрсұлтан Уәлиханұлы Қожақовқа, Дәурен Мұхаммедалиұлы Икрамовқа, Еркен Ерсінәліұлы Мұстафаевқа, Бекзат Минаварбекұлы Уразбековке, Светлана Сергеевна Тұрмаханбетоваға және «Алғыс хаттары»: Жәмила Мәмішқызы Кувановаға, Гүлбахира Сейфуллақызы Оспановаға, Ғабдулла Ұлықбекұлы Қаныбековке, Мәдина Әбитдінқызы Садықоваға, Асылжан Айдарбекұлы Қаштаевқа, Қарашаш Жарқынбекқызы Ізбасарға табысталды.

Кездесу соңында ұжым атынан мекеме басшысы Тимур Нарымбетов «Қызмет» салалық кәсіподағына ризашылықтарын білдіріп, шынайы алғыстарын жеткізді.