Денсаулық сақшысы, ақ халатты абзал жандар, мереке құтты болсын!
22.06.2026Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездеспеуі мүмкін емес. Олардың ыстық ықыласы, аялы алақанымен, үміт оты қайта жанады. Солардың бірі де бірегейі ертелі- кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғысын арқалаған «Сарыағаш» шипажайының қызметкерлері.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, осы салада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп жүрген білікті мамандарды қызмет сапасын арттыруға қосқан үлесі және кәсіподақ жұмысына қолдау көрсетіп жүргені үшін бір қатар азаматтарды «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподақтың Сарыағаш аудандық комитетінің төрағасы Ешанкулов Шырынбек Қалтайұлы Түркістан облыстық филиалдың төрайымы К.А. Есебаеваның атынан «Еңбек Озаты» төсбелгісімен марапаттап, денсаулық сақтау қызметкерлеріне туған еліміздің игілігі жолындағы істеріне табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Халықтың құрметіне бөленіп жүре беріңіздер, құрметті Ақ халатты абзал жандар!

