Еңбек вице-министрі Түркістан облысының кәсіподақ жетекшілерімен кездесті

Еңбек вице-министрі Түркістан облысының кәсіподақ жетекшілерімен кездесті

16.06.2026 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Түркістан облысының кәсіподақ ұйымының басшыларымен кездесіп, жұмыстарымен танысты.
Ербол Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру, халықты жұмыспен қамтуды арттыру, азаматтардың табысын өсіру, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру және еңбек нарығын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы жан-жақты баяндады.

Бірінші вице-министр Түркістан облысы еліміздегі еңбек және демографиялық әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан ірі өңірлердің бірі екенін атап өтті.
«Бүгінгі біздің міндетіміз – тек жұмыс орындарын құру ғана емес, халық табысының тұрақты өсуін және азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруын қамтамасыз ету. Мемлекеттік саясат адамдардың жұмыспен қамтылу, кәсіби тұрғыдан дамып, отбасының әл-ауқатын арттыру үшін нақты мүмкіндіктер беруі тиіс», – деді Ербол Тұяқбаев.
Кездесу барысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. Олардың қатарында халық табысын арттыру, сапалы жұмыспен қамтуды дамыту, тұрақты жұмыс орындарын құру, жастарды қолдау, адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бар.