Шахмат – ақыл – ойдың гимнастикасы
15.06.2026«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ- нің Түркістан облыстық филиалы және Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне арналған Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында Ордабасы ауданының орталығы Темірланда Шахматтан жарыс өтті.


Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов шаршы тақтадағы ой жарысына қатысып, «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды. Жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің қоғамдық негіздегі төрағасы, Ордабасы аудандық Шахмат мектебінің мұғалімдері Сүйіндік Сәттібекке, Олжас Сүлейменовке, Мешітбаева Ұлбосынға, тәуелсіз төреші «Еркін ой» газетінің жауапты хатшысы Түйетаев Асылбекке «Қызмет» Салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрайымы К.А.Есебаева алғысын білдірді.



Жарыс бар жерде жеңіс бар, жеңіліс бар.
Барлық жарысқа қатысушыларды «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалы марапаттады.
Жарыс төрешілерінің сараптамасы бойынша:
1 –орынды Мақтаарал ауданы Исламов Сейітбек Тасқараұлы –Ииржар ауыл округі әкімі аппаратының жетекші маманы,
2-орынды Жетісай ауданы әкім аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің маманы Танияров Бауыржан Бахитұлы,
3-орынды Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округі әкімінің орынбасары Ғабит Аман иеленді.
Бірқатар үздік ойыншылар жеке номинациялармен марапатталды.
Жарыста жеңімпаз атанған азаматтарды шын жүректен құттықтаймыз!
Қанжығаларыңыз майланып, ойларыңыз ұшқырлана берсін!
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Жеңісті күндер көп болсын!
Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады деген ниеттеміз.

