Мұғалжар ауданында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

Мұғалжар ауданында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

11.06.2026 Off By Администрация сайта

2026 жылғы 10 маусымда «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, Ақтөбе облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Мұхтарита Мұханбетқалиқызы Сағындықова жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды.
Іссапар аясында филиал төрағасы аудан әкімі Дархан Ермағанбетовпен кездесіп, өңірдегі әлеуметтік мәселелер, отбасы институтын нығайту, азаматтарды қолдау тетіктері және еңбек ұжымдарымен өзара іс-қимыл бағытындағы жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ Мұхтарита Мұханбетқалиқызы аудандық Отбасын қолдау орталығында ұйымдастырылған «Бірлік пен қолдау күні» атты ашық есік күніне қатысып, тұрғындармен және кәсіподақ мүшелерімен жүздесті. Кездесу барысында азаматтарды толғандырған әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары, құқықтық сауаттылық және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Филиал төрағасы өз сөзінде қоғамдағы тұрақтылық пен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуде кәсіподақтардың рөлі ерекше екенін атап өтіп, еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кәсіподақ қызметінің басты басымдықтарының бірі екенін жеткізді.
Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі ретінде Мұхтарита Мұханбетқалиқызы отбасы құндылықтарын дәріптеу, әйелдердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау шараларын кеңінен түсіндіру бағытындағы жұмыстарға тұрақты түрде атсалысып келеді.
Кәсіподақ әрқашан еңбек адамының жанынан табылып, оның құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғауға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.