Кәсіподақ – Келісім, Тұрақтылық

Кәсіподақ – Келісім, Тұрақтылық

10.06.2026 Off By Администрация сайта

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» мемлекеттік мекемесінде мекеме қызметкерлерінің жалпы жиналыс өтті. Жиналысқа арнайы шақырылған «Қызмет» Салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының Сарыағаш аудандық комитетінің төрағасы Ешанкулов Шырынбек Қалтайұлы кәсіподақтың қызметі туралы, ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда, жұмыс және еңбекті қорғау үшін жағдайлар жасауға, кәсіподақтық мүшелік жарна, шипажайларда демалу, әлеуметтік әріптестікті дамытуда кәсіподақтың міндеттерін түсіндірді.

Нәтижесінде ұжым бірауыздан күн тәртібіне бастауыш кәсіподақ ұйымын құруды қойып, кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Күлбаев Нұркен сайланды.

Жиналыста көтерілген ұсыныстарды ескере отырып, ұжым 100% «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының құрамына кәсіподақ мүшелігіне кірді. Ұжымға береке-бірлік, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!