Кәсіподақ  қозғалысының  негізі – сенім!

Кәсіподақ қозғалысының негізі – сенім!

05.06.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысы Төлеби аудандық ұйымының құрамына Төлеби ауданы «Ленгер тазалық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сеитбеков Төлеби Нұрланұлы бастап, 50 кәсіподақ мүшесімен бастауыш кәсіподақ ұйымы қосылды.
Мекемеге арнайы барған Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Камила Заманқызы Хайтметова кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаты мен міндеттерін, еңбек адамының құқығын қорғаудағы маңызы жөнінде кеңінен түсіндіріп, жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Дінмұханбет Әбішұлына жаңа бастамаларына сәттілік, ауызбіршілік пен нәтижелі еңбек тілеп, алғысын білдірді.
Бұл – бірлік пен ынтымақты нығайтып, ұжымдағы еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосатынына сеніміміз мол.
Кәсіподақ қатарында әрдайым абыройлы қызмет ете берейік.