ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті
01.06.2026Мемлекеттік қызметшілердің жетекші рөлін, ынтымақтастығы мен іскерлік байланысын нығайту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жарыс қатысушыларының спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай жыл сайынғы дәстүр бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы бірлесіп төрт жақты келісіммен 2026 жылдың 28-31 мамыр күндері спорттың 9 түрінен ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өткізді.

Биыл облыстық спартакиадаға 600-ден аса мемлекеттік қызметшілер спорттың: баскетбол, шахмат, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, киберспорт түрлерінен жарысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық ІІІ жүлделі орынға Казталов ауданы əкімдігі, ІІ орынға Батыс Қазақстан облыстық əкімдігі, І орынға Бөрлі ауданы əкімдігі ие болды.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық облыстық кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің атынан спартакиаданың 137 жеңімпаздары грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды.

