«Отбасылық құндылықтар — ұрпақтар мұрасы»
18.05.2026Федоров аудандық «Қызмет» салалық кәсіподағы филиалында Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік кездесуге жас буын өкілдері — мектеп оқушылары мен студенттер, сондай-ақ кәсіподақ мүшелері мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға және еркін пікір алмасуға арналған алаңға айналды. Қатысушылар өмірлік тәжірибелерімен және отбасылық құндылықтарымен бөлісіп, үлкенге құрмет көрсету, салт-дәстүрді сақтау және ұрпақ сабақтастығының маңыздылығы туралы әңгімелесті.
Осындай кездесулер отбасылық құндылықтарды нығайтуға, жастарды сыйластыққа, мейірімділікке және бірлікке тәрбиелеуге ықпал етеді. Ұрпақтар кездесуі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.

