Атқару комитетінің мәжілісі өтті
28.04.2026«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ- нің Түркістан облыстық филиалының атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжілісті облыстық филиалдың төрайымы Күлдар Аралбекқызы Есебаева ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселерге тоқталды.
Күн тәртібінде мәселелердің бірі Төлеби аудандық кәсіподақ ұйымының атқарылған жұмысы туралы ұйымның төрайымы Камила Хайтметова баяндады. Камила Заманқызы қол жеткізген нәтижелерге тоқталып, Төлеби аудандық кәсіподақ ұйымдары 2024 жылмен салыстырғанда өсуі барын, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайту, ұжымдық шарттың түзілуі, оның мазмұны, сапасы туралы баяндады.
Атқару комитет «Қызмет» салалық кәсіподағы Орталық кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралған мәселелерге тоқталып, облыс, аудан деңгейінде орындалуы тиіс міндеттемелерді айқындап, 2026 жылға қабылданған жұмыс жоспарын нақтылады.
Облыстық филиалдың төрайымы К.А.Есебаева: Кәсіподақтың жұмысы – көпшілікпен жұмыс жасау, әр адамның тілін табу – оңай емес, табандылықты, сабырлылықты талап етеді. Кәсіподақ ұйымының ынтымақ – бірлігін арттыруға арналған кез келген іс – шараларды ұйымдастыруға ат саласып, кәсіподақ ұйымдарының түрлі бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқанын және әрі қарайда қолдау көрсететінін айтты.
Өз тарапымыздан жұмыстарыңыз жемісті болсын,- демекпіз!

