Құрмет – еңбекке берілген баға

Құрмет – еңбекке берілген баға

03.04.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы үшін қуанышты жаңалық!
Филиал төрағасы Сағындықова Мухтарита Муханбетқалиқызы ел өміріндегі маңызды кезең – жалпыұлттық референдум қарсаңында жаңа Конституция жобасын қоғам арасында кеңінен түсіндіру, насихаттау жұмыстарында белсенділік танытып, азаматтық жауапкершілік пен жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.
Елдің болашағына бейжай қарамай, халықпен тығыз байланыста жүргізілген жүйелі жұмыстар, кездесулер мен түсіндіру шаралары – шынайы патриотизмнің және қоғамдық жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды.
Осы еңбектің нәтижесінде Мухтарита Муханбетқалиқызына арнайы Алғыс хат табысталды. Бұл – тек жеке марапат емес, «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы ұжымының ортақ еңбегіне берілген жоғары баға деп білеміз.
Бұл марапат – барша кәсіподақ мүшелеріне үлгі, жастарға мотивация, ал біздің ұйым үшін жаңа белестерге бастайтын серпін.
Мухтарита Муханбетқалиқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Ұйымымыздың беделі артып, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі нығая берсін!