«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамы жаңа бастауыш ұйыммен толықты

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамы жаңа бастауыш ұйыммен толықты

09.04.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов жаңадан ашылған Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Балауса №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеменің директоры Эльмира Байболованың қатысуымен ұжым мүшелерімен кездесіп, жалпы жиналыс өткізілді.

Жиын қорытындысымен бірауыздан мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған бүгінгі күнде жұмыс жасап жатқан 80-нен аса барлық қызметкерлер мен жұмыскерлер толығымен кәсіподақ мүшелігіне кіріп, сондай-ақ мекеменің бастауыш ұйымы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына мүшелік ұйым болып кірді.

Жалпы жиналыста бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып, мекеменің еңбек нұсқаушысы Кадирова Арайлым Анарбайқызы, ал тексеру комиссиясының төрағасы болып, мекеменің заңгері Кожаков Ербол Уалиханович сайланды.

Орталықтың директоры Эльмира Турсынбаевна мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Арайлым Анарбайқызы және филиал төрағасы Серік Елемесұлы өзара қарым-қатынастар жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған келісім-шартқа және мекеменің ұжымдық шартына қол қойды.