Көкшетау қаласында XXX кезектен тыс сайлау конференциясы өтті!

Көкшетау қаласында XXX кезектен тыс сайлау конференциясы өтті!

10.04.2026 Off By Администрация сайта

Көкшетау қаласында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс XXX сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына бастауыш және аудандық кәсіподақ ұйымдарынан сайланған делегаттар, сондай-ақ республикалық және аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері – шақырылған қонақтар қатысты. Барлығы 35 делегат сайланып, бұл шешім қабылдау үшін қажетті кворумды қамтамасыз етті.
Конференцияны облыстық кәсіподақ филиалы төрағасының міндетін атқарушы Кулушев Кабдуали Кабыкенович жүргізді. Отырыс барысында жұмыс органдары – президиум, хатшылық, мандаттық және есеп комиссиялары құрылып, күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілді.
Күн тәртібі аясында 2025 жылғы желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі облыстық филиал қызметі туралы ақпарат тыңдалып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.
Конференция барысында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиевич сөз сөйлеп, кәсіподақтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы және әлеуметтік әріптестікті дамытудағы рөліне тоқталды.
Сондай-ақ Ақмола облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Рахметов Кали Султанахмедович сөз сөйлеп, өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамытудың өзекті мәселелерін атап өтті.
Конференцияның негізгі мәселесі облыстық кәсіподақ филиалы төрағасын сайлау болды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы болып Кулушев Кабдуали Кабыкенович бірауыздан сайланды.
Сондай-ақ конференция барысында шығып қалған мүшелердің орнына облыстық филиал Кеңесі мен атқару комитетінің мүшелері сайланды.

Қорытындылай келе, қатысушылар кәсіподақ қозғалысын шоғырландырудың, әлеуметтік әріптестікті нығайтудың және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция кәсіподақ қызметкерлерін марапаттау рәсімімен және делегаттарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірумен аяқталды.