Ғылым мен руханият – ұлт болашағының тірегі

Ғылым мен руханият – ұлт болашағының тірегі

10.04.2026 Off By Администрация сайта

Сәуір айында атап өтілетін Ғылым күні қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы үшін айтулы оқиға орын алды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-да қазақ мәдениеті мен тарихын әлемдік деңгейде танытатын бірегей еңбек – 7 томдық «Қазақ этнографиясының қысқаша сөздігінің» тұсау кесері өтті.


«Біз үшін мақтаныш ұялататын жайт – осы іргелі ғылыми жобаның авторлар қатарында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыпов бар» – Алматы қаласы бойынша Қызмет салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Данагүл Айнақұлова атап өтті.

Неліктен бұл біз үшін маңызды? Алматы қаласы филиалы қатарында Философия, саясаттану және дінтану институты сияқты ірі ғылыми орталықтардың қызметкерлері бар. Кәсіподақ жетекшісінің ғылыми жобаларға қатысуы – ұйымның зияткерлік деңгейінің айғағы.

2120-дан астам этнографиялық атауды 7 тілге аударған бұл еңбек – болашақ ұрпақ пен әлемдік қауымдастық үшін баға жетпес қазына. Бұл жобаның жарық көруі – еліміздегі барша ғылым саласы қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелері үшін нағыз рухани сый болды. Ғылым жолындағы еңбектеріңіз жемісті, мерейлеріңіз үстем болсын!