ҚР ТЖМ “Барыс” Республикалық құтқару қызметі РММ ұжымымен кездесу өтті
12.03.2026«Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалының төрайымы Данагүл Айнақұлова ҚР ТЖМ “Барыс” Республикалық құтқару қызметі РММ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу желілік кестеге сәйкес, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастырудағы кәсіподақтың рөлі мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөнінде де кеңінен айтылды. Д.Айнақұлова алдағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, олардың демократиялық институттарды дамытуға, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерін мазалаған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Кездесу соңында кәсіподақ төрайымы ұжым мүшелерінің қоғамдық өмірге белсене араласуының маңыздылығын айта келе, құтқару қызметінің қызметкерлеріне жауапты әрі әлеуметтік маңызы бар еңбектері үшін алғыс білдірді.


