Сенім бар  жерде  жетістік  бар!

Сенім бар жерде жетістік бар!

16.03.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысы Сарыағаш аудандық үйымының құрамына Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ташпулатов Адиль Парлабайұлы бастаған 26 кәсіподақ мүшелерінен тұратын бастауыш кәсіподақ ұйымы қосылды.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ешанкулов Шырынбек Қалтайұлы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Құдабекова Эльмира Саттарбекқызына жаңа бастамаларына сәттілік пен береке тілеп, алғысын білдірді. Бұл – бірлік пен ынтымақты нығайтып, ұжымдағы еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосатынына сенім мол.
Кәсіподақ қатарында әрдайым абыройлы қызмет ете берейік.