«Әйел әлемі — ел тағдырына жауапкершілік»!

«Әйел әлемі — ел тағдырына жауапкершілік»!

04.03.2026 Off By Администрация сайта

Бүгін елордадағы ЭКСПО Конгресс-орталығында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000 қатысушының басын қосқан «Әйел әлемі — ел тағдырына жауапкершілік» атты ауқымды форум өтіп жатыр. “Қызмет” Салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша төрайымы Д.Айнақұлова мен Ақтөбе облыстық филиал төрайымы М. Сағындыкова осы жоғары деңгейдегі шарада біздің «Қызмет» кәсіподағының атынан өкілдік етуі— үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.

Форумның ашылуында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов пен Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаева сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдық белсенділігі мен мемлекеттік басқарудағы рөлі ел тұрақтылығының негізі екенін қадап айтты. Жиын барысында Astana Hub өкілі Алена Славкина цифрлық дәуірдегі жеке деректерді қорғау мәселесін көтерсе, Сауле Рахметуллина ғылым мен инновацияның адам капиталын дамытудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ Айжан Сарсембаева мен Әсел Балманова отбасы құндылықтарын сақтау және мемлекеттік басқарудың ашықтығы туралы өзекті ойларын ортаға салды.

Меруерт Жақупованың инклюзивті қоғамды қолдау туралы, ал Әлия Ақжолтаеваның әйел денсаулығы — ұлт саулығының кепілі екені туралы баяндамалары көпшіліктің көкейінен шықты. Форум аясында ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі мен волонтерлік қозғалысты дамыту мәселелері де кеңінен талқыланды. Бұл форумның мемлекеттік сектор мен банк саласындағы әйелдерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастыруға зор септігін тигізетініне сенімдіміз.
Алда кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін атқарылатын ауқымды шаралар күтіп тұр.