Сенім- бірліктің бастауы!

Сенім- бірліктің бастауы!

04.03.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалану реттеу басқармасының «Мамандандырылған Қорған жедел қызметі» мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, республикамыздағы кәсіподақтың қызметі туралы, кәсіподақтың міндеттерін түсіндірді. Қазіргі уақытта «Қызмет» Салалық кәсіподақ комитетінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәліметтермен хабардар етті.

Нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұйымын құрып, кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Ауелбеков Алмаз Тұрсынбекұлын сайлады. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының құрамы 37 кәсіподақ мүшесімен толықты.