Демалыс күніндегі кәсіподақ мектебі: кәсіподақ белсенділерінің жаңа серпіні

Демалыс күніндегі кәсіподақ мектебі: кәсіподақ белсенділерінің жаңа серпіні

16.02.2026 Off By Администрация сайта

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстан Республикасында цифрлық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Президент жасанды интеллект тек көмекші құрал емес, елдің жаңа экономикалық моделінің берік негізіне айналуы тиіс екенін атап өтті.


 Аталған басымдықтар Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2025–2030 жылдарға арналған қызмет Стратегиясында да көрініс тапқан. Құжатта кәсіподақ белсенділерінің құзыреттерін дамыту және кәсіподақ қызметін заманауи цифрлық сын-қатерлерге бейімдеу негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалған.

Осыған орай, 13–14 ақпан күндері қала сыртындағы Arman Dala Resort демалыс аймағында Алматы қаласы бойынша «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы филиалының ұйымдастыруымен екі күндік «Демалыс күніндегі кәсіподақ мектебі» ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Алматы қаласының кәсіподақ белсенділерін біріктіріп, кәсіби білім алмасу, тәжірибе бөлісу және командалық өзара іс-қимылды нығайту алаңына айналды.
Қатысушыларға дәрісті ҚР Кәсіподақтар федерациясы Цифрландыру департаментінің бас эксперті Қадірқұл Әділет Абдуллаұлы және заң ғылымдарының кандидаты, заң консультаттары палатасының мүшесі Омурчиева Эльвира Маратқызы өткізді.
Оқу барысында қатысушылар:

  • кәсіподақ қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерін меңгерді;
  • электрондық құжат айналымы мен кәсіподақ мүшелерімен цифрлық коммуникациялар мәселелерін қарастырды;
  • ақпараттық жұмыстың заманауи форматтары мен құқықтық қолдау көрсетудің онлайн-платформаларын талқылады;
  • әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық шарттар жасасудың практикалық тетіктерін зерделеді.
     Жеке блок ұжымдық-шарттық жұмыс саласындағы құқықтық мәселелер мен кәсіби құзыреттерді дамытуға арналды.
    Кәсіподақ белсенділері мектебінің қайта жаңғыртылуы — бұрынғы форматқа оралу емес, цифрлық трансформация жағдайында еңбек құқықтарын тиімді қорғай алатын кәсіподақ кадрларының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадам.
    Бүгінде кәсіподақ көшбасшысы — тек қоғамдық өкіл ғана емес, сонымен қатар басқарушы, медиатор, коммуникатор және цифрлық ортада сенімді жұмыс істей алатын маман.
    «Демалыс күніндегі кәсіподақ мектебінің» өткізілуі кадрлық әлеуетті нығайтуға және кәсіподақ қозғалысының тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттердің дәйекті түрде жүзеге асырылып отырғанын көрсетеді.
     
    Сонымен қатар филиал оқыту іс-шараларының форматтары мен өткізу географиясын кеңейтуге ерекше мән береді. Жобаны одан әрі дамыту аясында Алматы қаласына жақын орналасқан санаторийлік-курорттық кешендер мен қала сыртындағы алаңдарды пайдалану жоспарлануда. Бұл білім беру бағдарламасын сауықтыру мүмкіндіктерімен және бейресми командалық өзара іс-қимылмен ұштастыруға мүмкіндік береді.