Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мерейтойы

Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мерейтойы

27.01.2026 Off By Администрация сайта

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы құрылғанына 10 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Мерейтойлық іс-шара мекеменің өміріндегі айтулы оқиға болып, жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұжым қызметкерлерін, мемлекеттік билік органдарының өкілдерін және әлеуметтік әріптестерді біріктірді.

Мерекелік бағдарлама қонақтарды орталықтың қабылдау бөлігінде салтанатты қарсы алудан және құттықтаудан басталды. Шақырылған қонақтар үшін мекеменің ішкі құрылымына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қонақтар мамандардың жұмысы, медициналық блок, психологиялық қызмет, спорт залы, асхана, тұзды бөлме, сондай-ақ еңбек терапиясы, агротерапия, әлеуметтік тұрмыстық бағдар беру кабинеттері, кітапхана және акт залымен танысты.

Ұйымның акт залында «Тарих бет бейнелерінде» атты тақырыптық фотозона мен фотокөрме ұйымдастырылды, ол орталықта соңғы он жыл бойы еңбек еткен қызметкерлерге арналды. Мерейтой күні ерекше символикалық мәнге ие болған ізгі тілектер жазылған хаттар мен естелік заттар салынған тайм-капсуланы қою болды, оны мекеменің 20 жылдығында ашу жоспарланған.

Салтанатты іс-шараның негізгі бөлігі Аудандық мәдениет үйінде өтті және Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметі мен жетістіктерінің маңызды кезеңдерін көрсететін видеопрезентациядан басталды. Аудандық және облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, мекеме басшылығы және әлеуметтік әріптестер құттықтау сөздерімен сөз сөйледі. Мерекелік көңіл-күйді он шығармашылық нөмірден тұратын концерттік бағдарлама толықтырды.

Мерейтойлық бағдарламаның ерекше сәті – Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалы өкілінің қатысуы болды. Сызганова Любовь Константиновна филиал төрағасы Темірғали Әбілмәжіновтің құттықтау хатын оқып, ұжымның мерейтойының маңыздылығын және Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өңірдің әлеуметтік саласын дамытудағы үлесін атап өтті.

Іс-шара аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы атынан ұжым өміріне белсенді қатысқаны және ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі үшін марапаттар табыс етілді. «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директор міндетін атқарушысы, әлеуметтік әріптес – Арман Ермағамбетұлы Қутұшев марапатталды. Құрмет грамотасымен – насостық станция машинисі Макиенко Иван Геннадьевич , ал Алғыс хатпен – палаталық санитар Асылхан Жұмағалиұлы Сыздықов марапатталды.
«Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалының құрмет грамоталарымен кәсіподақтың тоғыз мүшес і марапатталды. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелері арасынан үш қызметкерге «Сосновый бор» шипажайына 38 700 теңге жеңілдікпен сертификат берілді. Орталық ұжымына алғысын білдіру және қолдау ретінде облыстық кәсіподақ филиалы атынан әлеуметтік әріптестікті дамыту мен нығайтуға нышан болатын құнды сыйлық табысталды.
Мерейтойлық шара Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тарихындағы маңызды белес болып, ұжым бірлігінің, қызметкерлердің жоғары кәсіби шеберлігінің және «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалымен тиімді өзара әрекеттестігінің көрнекті дәлелі болды.
Орталықтың ұжымына шығармашылық табыс, мықты денсаулық және кәсіби жетістіктер тілейміз.