«Қызмет» салалық кәсіподағы жаңа мүшелік ұйыммен толықты
28.01.2026«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде болып, департамент басшысы Жеңіс Тіллабайұлы Мақұлбаевтың қатысуымен ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, жиын қорытындысымен аталған мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы қатарын толықтырды.

Мекемедегі қызметкерлердің барлығы кәсіподақ мүшелігіне толығымен кіріп, өткізілген жалпы жиналыста кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Рустемова Улбике Бақтыбекқызы сайланды.

Департаменттің басшысы Жеңіс Тіллабайұлы Мақұлбаев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Улбике Бақтыбекқызы Рустемованың және филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың арасында өзара қарым-қатынастар жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған келісім-шартқа және мекеменің ұжымдық шартына қол қойды.


