«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдары артып келеді
23.01.2026«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мекеме басшысы Бауыржан Тұманбаевтың қатысуымен ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, жиын қорытындысымен аталған мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы қатарын толықтырды.

Мекемеде 120-дан астам қызметкерлер жұмыс жасайды және олардың барлығы кәсіподақ мүшелігіне толығымен кіріп, өткізілген жалпы жиналыста кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Бимурзаева Алима Асқарқызы сайланды.

Мекеменің директоры Бауыржан Қалмұхамедұлы Тұманбаев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алима Асқарқызы Бимурзаеваның және филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың арасында өзара қарым-қатынастар жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған келісім-шартқа және мекеменің ұжымдық шартына қол қойды.

