Профсоюздың  Сарыағашы!

Профсоюздың Сарыағашы!

22.01.2026 Off By Администрация сайта

Ғасырға жуық тарихы бар Түркістан облысы «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені» ЖШС -гі қызметкерлерінің жалпы жиналысы өтті. Жиналысқа «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облысы Сарыағаш аудандық комитетінің төрағасы Ешанқұлов Шырынбек Қалтайұлы арнайы қатысып кәсіподақтың қызметі туралы, ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауда, ұжымдық шарттың қажеттілігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауда, әлеуметтік әріптестікті дамытуда кәсіподақтың міндеттерін түсіндірді. Қазіргі уақыттағы Қазақстан кәсіподақ козғалысының бағыттарына тоқталып, «Қызмет» Салалық кәсіподақ комитетінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәліметтермен хабардар етті.

Мекеме қызметкерлері өзінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, бірауыздан бастауыш кәсіподақ ұйымын құрып, кәсіподақ ұйымының төрағалығына Қосмұратов Абсейіт Орынбекұлын сайлады. 365 қызметкерімен «Сарыағаш» шипажайы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының құрамына кәсіподақ мүшелігіне кірді.