«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ – ның  атқару комитетінің  отырысы өтті

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ – ның атқару комитетінің отырысы өтті

22.01.2026 Off By Администрация сайта

Отырысқа қатысқан филиалдың Атқару комитетінің мушелері алдында филиал төрағасы М.Сағындықова 2025 жылда атқарылған жұмыстармен , оның ішінде филиалдың жетістіктері мен проблемалық сұрақтарға тоқталды.
Жалпы, облыстық филиал 2025 жылды жақсы нәтижелермен аяқтады; – ауқымды шаралар өткізілді, тұрақты жобалар – « Мерейлі сәт», «Мектепке жол» , әлеуметтік желідегі « Біз біргеміз», « Еңбек адамдарына рақмет», « Еңбеккер бейнесінде», жалғасын тапты. Өйткені бұл жобалар кәсіподақ мүшелері тарапынан қай уақытта да қолдауға ие. Сондай – ақ, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында көшпелі отырыстар жүйелі түрде өткізіліп , қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.

Ардагерлермен, жастармен жұмыс та жүйеленген . Әсіресе филиал жанындағы « Келешек» жастар кеңесінің жұмысы жанданды. Есепті өткен жылы жастар кеңесінің 3 рет отырысы өтіп, жастар жыл басында бекітілген жоспарлары бойынша жұмыстанды. Кеңес төрағасы Ә.Мопық қазіргі таңда облыс әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі болып табылады. Бұл өз кезегінде жастар өз мәселелерін өңір басшылығына тікелей жеткізуге мумкіндік беруде. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мудделерін қорғауға , еңбек жағдайларын жақсартуға , ұжымдық еңбек дауының алдын алуға бағытталған әлеуметтік әріптестермен өзара ынтмақтастық меморандумы аясында берілетін әлеуметтік кепілдіктер жылдан жылға Филиал құрамының толығуына, яғни «Қызмет » салалық кәсіподағына деген кәсіподақ мүшелерінің сенімінің артып келетінін көрсетеді. Оның дәлелі өткен есепті кезеңде филиал 21 бастауыш кәсіподақ ұйымымен толықты. Соның нәтижесінде кәсіподақ мушелері саны 210 ға артты. Қазіргі таңда филиал 332 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді. Меморандумдар аясында жасалған ұжымдық шарттардың да мазмұны салмақтанып келеді. Өткен жылы ұжымдық шарт арқылы көрсетілген әлеуметтік кепілдіктердің де саны артып, ұжымдық шарттың орындалуына жұмсалған қаржы едәуір артқан.Қазіргі таңда бастауыш кәсіподақ ұйымдары жүз пайыз ұжымдық шартпен қамтылған.


Отырыс соңында филиал басшысы күн тәртібіне шығарылған мәселелерді мүдделі талқылағаны үшін комитет мүшелеріне алғысын білдіріп кәсіподақ бірлігін нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Атқару комитетінің мүшелері облыстық филиалдың атқарған жұмыстарына қанағаттанарлықтарын білдірді. Алдағы жоспарланған шараларға белсенді қатысуға ,аталған мәселелерді шешуге ат салысуға ниетті екенін танытып , 2026 жылдың жұмыс жоспарын бекітті.