Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті

15.12.2025 Off By Администрация сайта

15 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ғимаратында салтанатты іс-шара өтті. Жиынға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстық салалық, бастауыш және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, облыстың кәсіподақ белсенділері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер қатысты.

«Қызмет» салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Темірғали Текебасұлы Әбілмәжінов қатысушыларды алдағы мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде ел тәуелсіздігі Қазақстанның көпұлтты халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатының негізі екенін, тарихты, тілді, мәдениет пен дәстүрлерді сақтау және дамыту үшін кең мүмкіндіктер жасайтынын атап өтті.
Темірғали Текебасұлы жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Еңбек адамының мемлекет пен қоғам дамуындағы маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол тәуелсіз Қазақстанда кәсіподақтардың еңбеккерлердің еңбек құқықтарын қорғауда, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруда маңызды әрі прогрессивті рөл атқаратын ең ықпалды қоғамдық институттардың бірі екенін атап өтті.

Жиын барысында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында кәсіподақ қозғалысының үздік өкілдерін, әлеуметтік әріптестерді және еңбек ардагерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, республикалық және облыстық салалық кәсіподақтардың, сондай-ақ салалық министрліктердің медальдары, төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Кездесу соңында қатысушылар көрсетілген жылы қабылдау мен айтылған ізгі тілектерге ризашылықтарын білдіріп, кәсіподақтардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған сүбелі үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ олар әлеуметтік әріптестік пен диалогты одан әрі дамыту, кәсіподақ қозғалысын нығайту және қоғамда еңбек адамының беделі мен маңызын арттырудың өзектілігіне ерекше назар аударылды.