Жыл қорытындыланып, үздік жұмысшыларға марапаттар табысталды

Жыл қорытындыланып, үздік жұмысшыларға марапаттар табысталды

17.12.2025 Off By Администрация сайта

Жоспарға сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Шәкір Асылханұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен кездесті.

Аудан әкімі Шәкір Асылханұлы мен мекеменің басшысы Кегенхан Базарханұлы жұмыс орнындағы жағдайларымен, жұмыстарында пайдалану үшін жаңадан алынған техникалармен, құрал-жабдықтармен, ал филиал төрағасы Серік Әуесханов пен мекеменің кәсіподақ төрағасы Мұхтар Бейсен жұмысшылардың жұмыс орнындағы әлеуметтік жағдайларымен танысты.


Аудан әкімі мен филиал төрағасы мекеме басшылығына және кәсіподақ ұйымына жұмысшылардың жұмыс орнындағы әлеуметтік жағдайларын жақсарту бағытындағы ұсыныстары мен тиісті тапсырмаларын беріп, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Мекемеге қалалық жайлы ортаны қалыптастыруы үшін жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар алынып, оларды басқаратын мамандар саны да артып отыр.

Жұмысшылардың барлығы кәсіподақ мүшелігіне толығымен кірген.
Мекеме басшылығы мен кәсіподақ арасында жасалған ұжымдық шарты бар, ол өз кезегінде мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінен тіркеуден өткен.
Ұжымдық шарт негізінде жұмысшылардың еңбек құқын қорғау және олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жұмыстары дұрыс жолға қойылған.
Кездесу қорытындысында салалық кәсіподақ атынан Серік Елемесұлы мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларын «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, «Жұмысшы мамандықтары жылын» қорытындылап, «үздік» деп танылған жұмысшыларға филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын», «Алғыс хаттарын», сондай-ақ аудан әкімінің және мекеме басшысының «Алғыс хаттарын» табыстады.