Президенттікке үміткер Амангелді Таспиховтың Шымкент қаласы мен Түркістан қаласының сайлаушыларымен кездесуі
14.05.20192019 жылғы 14 мамырда Түркістан облысы Ордабасы ауданының мәдениет үйінде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы бойынша насиxат тобы, қоғамдық штабының басшысы Берік Бекжанов пен үміткердің сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесті. Білім, спорт салаларының өкілдері мен мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлері, бас қосқан алқалы кездесуге 250 сайлаушы қатысты. Насихат барысында үміткердің Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының жетекшісі, сенімді өкілі Берік Бекжанов алдағы сайлаудың саяси маңыздылығына тоқталып, көпшілікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Қатысушылар кандидат тұғырнамасының бүгінгідей нарықтық экономика дамыған дәуірде өзекті екенін екшеп, еңбек адамдарының құқы мен мүддесін қорғау тұрғысындағы мәселелерге орай ойларын ортаға салды. Штаб өкілдеріне көпшілік тарапынан түрлі сауалдар да жолданды. Басқосуға арнайы келген азаматтар Қазақстан кәсіподағының қызметін жандандыру жолындағы тың мүмкіндіктермен танысып, қолдау білдірді. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен ұжымдық шарттың әлеуметтік маңыздылығына ерекше ден қойды.