«Қызмет» кәсіподағы әлеуметтік сала қызметкерлерін біріктірді: сергектік пен рухани жаңғыру
14.11.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы өз жұмысында өз мүшелеріне арналған ерекше іс-шараларды өткізуді дәстүрге айналдырған. Алматы қаласы филиалының бастамасымен әлеуметтік қызметкерлердің ұжымдық рухын көтеріп, нығайту, өзара байланысын арттыру және эмоциялық қажуды болдырмау мақсатында Алма-Арасан шатқалының «Сұңқар» отбасылық демалыс орталығында тимбилдинг ұйымдастырылды.

Іс-шара таза ауада, белсенді демалыс форматында өтті. Қызметкерлер спорттық сайыстарға, ұжымдық флешмобқа, викториналар мен көңілді билерге қатысып, белсенділік танытты. Мұндай формат әлеуметтік сала қызметкерлеріне жаңа әсер сыйлап, әріптестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Жеңімпаздар кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Данагүл Айнақұлованың айтуынша, кәсіподақ еңбек құқықтарын қорғаумен қатар, қызметкерлердің эмоциялық саулығы мен ұйым ішіндегі жылы қарым-қатынасқа да ерекше көңіл бөледі. Тимбилдинг қатысушыларға жағымды көңіл күй сыйлап, бірліктің және ынтымақтың мерекесіне айналды.


