Ситуациялық орталықтың қызметкерлерімен кездесу өтті
21.08.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов кестеге сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында филиалдың мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, орталықтың кәсіподақ төрайымы Дидар Оразбекқызы Мақашовамен бірге ұжым мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесуде еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсаттарына тоқталды.
Қорытынды жиында орталық қызметкерлерін алда келе жатқан «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен» және Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, мекеменің кәсіподақ белсенділеріне филиал наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен оралықтың кадр маманы Қасымбекова Гүлжан Талғарбекқызы, «Құрмет грамотасымен» орталықтың инспекторлары Расул Нұрлайым мен Жорабаева Ажар Сайлаубайқызы, «Алғыс хатпен» орталықтың инспекторлары Жақыпбекова Гүлдана Ержанқызы мен Сәрсенбаева Барно Ілесбекқызы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

