Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында кездесу өтті

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында кездесу өтті

20.08.2025 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен орталықтың кәсіподақ төрайымы Әсел Әсетқызы ұжым мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, кездесу барысында еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
Жиын қорытындысында орталықтың жұмыскерлерін алда келе жатқан «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен» және Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, бірқатар жұмысшы мамандарға кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгілерімен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Жаған Гүлзәт Күмісбекқызы және заңгер Үсіп Фариза Ешетқызы;
  • «Құрмет грамоталарымен» дәрігер – стоматолог Тешабаев Дияржан Бахтиярұлы, дәрігер – невропатолог Турдахунов Мурод Амантаевич, шаруа бикесі Халмуратова Феруза Мавлановна;
  • «Алғыс хаттармен» палата санитары Ахмаджанова Нигора Сайдыкаримовна, массажист Әбдібаева Ұлмекен Полатқызы және санитар тазалаушы Ермекбаева Кулзейнеш Маттаевна марапатталды.