Газ техникалық қызметі мекемесінде кездесу өтті

Газ техникалық қызметі мекемесінде кездесу өтті

27.08.2025 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы “Шымкент қаласының газ техникалық қызметі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысып, мекеменің кәсіподақ төрағасы Берік Дүйсеновпен бірге жұмыскерлердің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жоспарынан хабардар етті.

Жиын қорытындысында жұмыскерлерді Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда: «Еңбек озаты» төсбелгісімен: мекеменің басшысы Бұралқиев Айдар Тынайұлы, «Құрмет грамотасымен» мекеменің инспекторы Серікбаев Молдабек Молыққанұлы және «Алғыс хатпен» мекеменің инспекторы Қанаев Ақжігіт Азаматұлы марапатталды.