Мектепке алғашқы қадам- кәсіподақ назарында

Мектепке алғашқы қадам- кәсіподақ назарында

27.08.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Салалық кәсіподағының 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасында кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасына қажетті көмекті ұйымдастыру жайлы да айтылып, жұмыс берушілермен өзара іс қимыл жасау қажеттілігі де баса көрсетілді. Кәсіподақтың басты құндылығының бірі отбасы.

Отбасының қуанышы, балалардың алғашқы білімге қадамы- бастауыш кәсіподақ ұйымының назарында. Дәстүрлі “Мектепке жол” акциясы алғашқылардың болып, “Демеу” әлеуметтік қызмет орталығында өткізілді, мектеп табалдырығын бірінші сыныпқа аттайтын бүлдіршіндердің ата аналарына мектепке қажетті құрал жабдықтары, қомақты сыйлықтары табысталды. Шара мекеме басшысы Маринов М.М. , филиал төрайымы Айнақұлова Д. М. , бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Дулатбаев Б.Б. ұйымдастыруымен өткізілді. Кешегі өткен тамыз конференциясында айтылған, еліміздегі рухы азат, ойы еркін ұрпақтың болашағы жарқын болсын деп тілейміз.